Солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысқан 6 такси жүргізушісін анықтады

Авторы: Qyzyljar News

Ережеге сәйкес жолаушы тасымалдаушылардың автокөлігі тіркелген, жүргізушілері сақтандыру шартын жасасқан болуы қажет. Әйтпеген жағдайда, таксисттер тиісті тексерістерден өтпей, жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап бермейді. Облыс аумағында заңсыз тасымалмен айналысқан 6 солтүстікқазақстандық анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары Петропавл аумағында 54 жастағы қала тұрғыны тізгіндеген «Toyota» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелмей, жолаушы тасымалдағаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша кәсіпкерлікпен заңсыз айналысқаны үшін хаттама толтырылды.

-Осындай рейдтер тұрақты жүргізіліп тұрады. Қызметін заңды түрде жүзеге асырып жүрген такси жүргізушілері де тексерілуде. Оларда жолаушыларына сақтандыру полистері, техникалық бақылаудан өткені туралы талон және басқа да қажетті құжаттар болуы тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен шетелде тіркелген көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынғаны туралы еске саламыз. Барлық жүргізушілерді заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз,- деді СҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Жалпы рейдтік іс-шаралар кезінде облыс аумағында қызметін заңсыз жүзеге асырған 6 такси жүргізушісі және жолаушы тасымалдаушылары тарапынан 20-дан астам түрлі бұзушылық анықталды.

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz