СҚО-да еліктер жол бойында жүр

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да қала маңындағы трассаларда елік көбейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар М. Жұмабаев ауданындағы Ресейге апаратын жолда Омбы еліктің көбейгенін жазып жатыр.

– 10 ай ішінде облыс аумағында жануарлардың қатысуымен 10-нан астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Осыған байланысты жүргізушілерге айтарымыз: көлік жүргізу барысында жылдамдықты сақтап, әсіресе, түнде орманды және ауыл маңынан өткен кезде сақ болған жөн. Арнайы белгілерге де назар аударып, ережені сақтау қажет,- дейді СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы Баян Байғаскина.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспалов бұл таңқаларлық жайт емес екенін айтты.

— Жабайы жануарларды ешкім қадағалап, жүріс-тұрысына тосқауыл бола алмайды. Олар өздеріне қолайлы жерлерді мекендейді, көшіп-қонуға бейім. Елік пен өзге де жануарлардың трассаларға шығып жатқандығына ауа райы не болмаса басқа да жағдайлар әсер етіп жатқан жоқ, -деп түсіндірді Олег Беспалов.

Еліктерді аш деуге де негіз жоқ. Себебі, айналада азық жетерлік. Жануарлардың бұл түрі қалың қардың астынан да өзіне қажетті қоректі алуға бейім. Өңірде мекен ететін тұяқтылардың саны қазіргі таңда 10 мыңнан асып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz