Солтүстік Қазақстан облысында 2023 жылдың екінші тоқсанында Петропавл-Қорған жолының ұзаққа созылған жөндеуін жалғастыру жоспарлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Белое ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін созылатын халықаралық маңызы бар жолға қатысты көптеген шағымдар әлеуметтік желілерде үнемі жарияланып отырады. Дүйсенбіде «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы » АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында жолдың ұзаққа созылған жөндеуін келесі жылы жалғастыру жоспарланып отырғаны туралы түсініктеме берілді.
-Республикалық маңызы бар М – 51 «Ресей Федерациясының шекарасы (Челябинск) — (Новосибирск) Петропавл, Омбы қалалары арқылы» 465-496 км қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Учаскенің жалпы ұзындығы 30 км құрайды, оның 14 шақырымында асфальтбетон төсемі және 16 шақырымында қиыршық тас төсемі бар. Қазіргі уақытта қайта құру жұмыстары жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты жүргізілмейді. Жобаны іске асыру 2023 жылдың екінші тоқсанында жалғасады, — делінген «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы » АҚ-ның Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жариялаған ақпаратта.