Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы жаңа заң әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бизнес өкілдерімен кездесуде облыстың тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының төрағасы Надежда Дубовая тұтынушылардың құқықтары туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, бизнесті тексеруге мораторийдің енгізілуімен халықтың тауарлар мен қызметтердің сапасына шағымдар көбейген.
— Күн сайын үш-төрт шағым қабылданады. Кәсіпкерлер тауарлар мен қызметтердің сапасына жауапты болу керек. Бізге өнеркәсіптік тауарлардың сапасына ғана емес, сонымен қатар азық-түлікке де шағымдар келіп түседі, — деді Надежда Дубовая.
Арман Шаққалиев бұл мәселемен келісіп, тұтынушылардан өтініштер саны ел бойынша ондаған есе артқанын атап өтті.
— Бір жағынан, халықтың тұтыну мәдениетінің өсуі байқалса, екінші жағынан тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы барлық жерде көрініс табады. Көбінесе белгілі бір тауардың тағамдық құрамын тексергенде шын мәнінде кей ингридиенттердің іс жүзінде жоғын көреміз. Бүгінгі таңда импорттық өнімнің тиісті сападағы тауарды ауыстыруға мүмкіндігі жоқ, — деді Арман Шаққалиев.