СҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

Авторы: Qyzyljar News

Күздегі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгіндері облыстан борышын өтеуге 364 жас азамат аттанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әскер қатарына шақырту алғандар алдымен психологиялық және медициналық сараптамадан өтті. Дені сау деп танылғандар Отан алдындағы борышын өтеуге еліміздің әскери бөлімдеріне жөнелтілді.

– Қазіргі уақытта Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі сапына 100, мемлекеттік күзет қызметіне 4, еліміздің қарулы күштері жасақтарына 240 және Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне 20 адам жіберілді, – дейді қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери-патриоттық және қарулы күштер ардагерлерімен жұмыс қызметінің жетекшісі Айман Әбжаппарова.

Күзгі әскери шақыру науқаны желтоқсанның 28-не дейін жалғасып, жоспар бойынша өңірден Ұлттық гвардияға 222 болашақ сарбаз аттанбақшы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz