Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Семинар барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров алдағы сайлау кезеңдерін түсіндірді.
– 21 қазанда сағат 18:00-ден басталып, 19 қарашада сенбі, сағат 0:00-ге дейін елде сайлау науқаны өтеді. Сенбі-дауыс беру күнінің алдындағы күні барлық үгіт-насихатқа тыйым салынады. Жексенбі, 20-да біз дауыс беруді ұйымдастыруымыз керек. Екі күн ішінде Орталық сайлау комиссиясы 20 аймақтан хаттамалар жинайды. Бір апта ішінде біз сайлау нәтижелерін анықтап, сайланған Президентті тіркейміз,-деді Константин Петров семинар-кеңес барысында.
Ол сондай-ақ дауыс беру күні қалай өтетінін түсіндірді.
– Жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беру өтеді. Сайт бір сағатта ашылады. Дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін бірден жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ дауыстарды санау үздіксіз өтіп ұзақтығы 12 сағаттан аспауы қажет. Санау аяқталғаннан кейін бірден хаттама жасалады, — деп қосты ол.