Петропавлда әйелдер арасында волейболдан ел чемпионаты басталды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Петропавлда волейболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының ХХХІ чемпионаты бастау алды. Біріншіліктің алғашқы туры салтанатты түрде ашылды. Қаз-қатар сап түзеген Ұлттық лигадағы 11 клубтың қыздарын маусымның басталуымен облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек құттықтады. деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Дәстүрлі доданың шымылдығын талдықорғандық «Aikarakoz» бен павлодарлық «Ertis» ашты. Екеуінің деңгейі шамалас. Мұны ойыннан аңғардық. Бастапқы кезеңдерде керекулік қыздар өте белсенді болы. Жылдам қимылдап, допты тура бағыттады. Алайда, біраздан соң ұпай жоғалта бастады. Қарсыластары алаңдағы кем-кетікті түзеп, басымдықты өз қолдарына алды. Бұл кезеңде талдықорғандық қыздардың айы оңынан туып, биылғы чемпионаттағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Біріншіліктің басты фавориттері белгілі. Үздіктердің қатарында әлем чемпионатына жолдама алған өзіміздің «Kuanysh» та бар.

– Биыл 5-ші рет әлем чемпионатына қатысып отырмыз. Әлемнің үздік 24 командасының қатарына кірдік. Бұл деңгейіміздің жаман еместігін білдіреді,- деді жарыстың бас төрешісі Ермек Сырлыбаев.

ХХХІ ел чемпионатының алғашқы тур ойындары Петропавлда қарашаның 22-ші жұлдызына дейін жалғаспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz