Петропавлда спорттық бал-билері бойынша ел чемпионаты өтті

Авторы: Qyzyljar News

Облыс орталығында спорттық-бал билері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар өз шеберліктерін көрсетіп, бақтарын сынады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған жарысқа қатысқан әр баланың бойынан қорқыныш пен қобалжу сезімі байқалды. Көптің алдында өнер көрсету үшін де батылдық қажет. Қатты қобалжығандықтан болар кейбір балалардың сүрініп құлап қалған кездері де болды. Бірақ, бұл оларды шыңдай түскендей болды. Тез түрегеліп, бірден би ырғағына қосылып кетті.
Жалпы, турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден аса биші келді. Арасында ресейліктер де бар. Жарысқа қатысушылардың жасы 5 пен 18 жас аралығын құрайды. Спорттық бал биімен қарт адамдар да айналысады.

– Біз бишілердің музыка ырғағымен дәлме-дәл билеуіне және өзін ұстауына қараймыз. Әуенді сезіне білу қажет, сондай-ақ, киіміне де назар аударамыз. Биші ортада құлап қалып жатса оның еш әбестігі жоқ, бұндай жағдайлар болып тұрады. Жалпы жарыстың мақсаты — оқушыларға салауатты өмір салтын дарыта отырып, өз денсаулығын күте білуге,еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру, — дейді жарыстың төрешісі Антон Алдаев.

Айта кетейік, бұндай жарыс жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Жарыс соңында жеңімпаздарға медаль мен кубок табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz