Петропавлда жарылыстан зардап шеккен 9 адамның жағдайы белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Дәрігерлер Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету стансасында болған жарылыстан жарақаттанған 9 адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда 17 қараша күні көлік жөндеу стансаларының бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Алдын ала болжам бойынша, стансадағы көліктердің бірінде тұрған газ қондырғысы жарылған. Салдарынан 9 адам жарақат алды.Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды, үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді, біреуі ауруханаға жатуға бас тартқан.

– Жарақаттанғандардың барлығы ер адам. Жастары 24 пен 50 аралығында. Төрт адам жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Олардың беті, қолы, иығы, енді бірінің аяғы мен белін күйік шалған. 50 жастағы ер адам жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне орналастырылды. 46, 30 және 26 жастағы үш сырқат үйіне емделуге жіберілді. Бұл адамдарда да жарақат ұқсас, беті мен қолдары күйіп қалған. Ал 33 жастағы ер адамның беті-қолынан бөлек құлақтарын да күйік шалған, алайда ол ауруханаға жатып емделуден бас тартты, — деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz