СҚО-да бройлер құс фабрикасы ашылды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында бройлер құс фабрикасы іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа кәсіпорын жылына 5 мың тонна құс етін өндіреді. «Солтүстік бройлер» серіктестігі 7,2 млрд. теңге инвестиция құйған. Инфрақұрылым мемлекет есебінен тартыып, заманауи еуропалық қондырғылар орнатылды. Барлығы 165 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жаңа құс фабрикасы жылына 100 мыңнан астам адамды етпен қамтамасыз ете алады.

– Азық-түлік өндірісін ұлғайтып, өнім түрін көбейту –біздің міндетіміз. Мысалы, біз жұмыртқаны сұраныстан 4 есе көп өндіреміз. Қазір етті құс шаруашылығын дамытып жатырмыз. Жыл басында облыста бір бройлер құс фабрикасы болды. Қазан айында Қызылжар ауданында құс фабрикасы ашылды. Облыс орталығында 2023 жылы тағы бір құс фабрикасы іске қосылады. Үш құс фабрикасы толық қуатына шыққанда 16 мың тонна құс еті өндірілмек. Ал облыстың сұранысы 8,5 мың тоннаны құрайды. Яғни, сұраныс толық жабылады, -деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Айта кету керек, биыл Қазақстанда 6 бройлер құс фабрикасы салынып жатыр. Оның тең жартысы біздің облыста тұрғызылуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz