Өткен түнде Петропавлда электр оқшаулағыш материалдар шығаратын кәсіпорында өрт болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, түнгі сағат үш шамасында «Изолит» ЖШС бір қабатты цехының техникалық шахтасында бұйымдар мен электр оқшаулағыш материалдар өндіретін жабдық жанған.
— Цехтың қабырғалары бетон, биіктігі 12 метр. Өрттің жалпы ауданы 144 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан төрт адам эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда,-делінген ТЖД жариялаған ақпаратта.