Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жолдады

Авторы: Qyzyljar News

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев сайлау алдында қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулар тарап кетті. Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін, — деді Жандос Өмірәлиев.

Оның айтуынша, мұндай акциялардың ұйымдастырылуы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына қайшы келеді (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы).Егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да қылмыстық әрекеттер жасауға бағытталған болса, оларды жүргізуге де жол берілмейді (Заңның 14-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы). Бас прокурордың орынбасары құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын адамдарға заңда көзделген шараларды қабылдайтынын және кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кесетінін еске салды.

– Бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарының бірі — олардың зорлық-зомбылықсыз сипаты мен заңдылығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты (Заңның 3-бабы). Аталған заңсыз әрекеттерді жасаумен ұштасқан тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олармен ұйымдастырылған акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылық (Қылмыстық Кодексінің 179-бабы (билікті күштеп басып алуға шақыру), 405-бабы (сот тыйым салған ұйымдардың қызметіне қатысу) көзделген, делінген үндеуде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz