Катарда футболдан әлем чемпионаты басталды

Авторы: Qyzyljar News

Қатардың әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында футболдан XXII әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

2022 жылғы Футболдан әлем чемпионатын Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамада әл-Тани ашты. Салтанатты шарада оңтүстіккореялық BTS тобының мүшесі Чон Чонгук «Dreamers» әнін орындады. Шарада көптеген танымал шетелдік және қатарлық әншілер өнер көрсетті. Турнирдің ашылу матчында Қатар мен Эквадор құрамалары өнер көрсетіп, бұл ойында Эквадор 2:0 есебімен Қатар құрамасын жеңіп кетті. Екі голды да шабуылшы Эннер Валенсия бірінші таймда соқты. Бастапқы жоспар бойынша ашылу матчында Сенегал мен Голландия ойнауы керек еді, кездесу 21 қарашаға жоспарланған. Алайда тамыз айында ФИФА шешімін өзгертті. Соған орай бірінші болып Қатар мен Эквадор ойнады.

Бұл Қатар мен Эквадор арасындағы алғашқы кездесу емес. Командалар бұған дейін үш рет кездескен, бірақ барлық ойындар жолдастық кездесу түрде өтті. Екеуі 1996 жылы өтіп, бірінші рет тең (1:1) ойнаса, келесісінде ойын эквадорлықтардың жеңісімен (2:1) аяқталды. Ал командалар соңғы рет 2018 жылы кездескен. Бұл айтарлықтай қызық ойын болып, ол жолы қатарлықтар 4:3 есебімен жеңді. 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Қатар елінің 5 қаласындағы сегіз стадионда өтеді.  Чемпионаттың жеңімпазы 42 миллион доллар алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz