СҚО полицейлері тіркелмеген мылтықпен заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері тіркелмеген мылтықпен заңсыз аң аулаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулаған жергілікті екі тұрғынды ұстады. Тәртіп сақшылары рейдті “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізді. Орман ішінде тексеру үшін тоқтатылған 31 және 33 жастағы ауыл тұрғындары қашып кетпек болды, алайда алысқа ұзамады. Оқиға орнынан сібір елігінің, болжам бойынша ұрғашы жануардың мүшеленген еті, 12-ші калибрлі ИЖ-43 аңшы мылтығы, патрондар мен гильзалар, пышақ тәркіленді. Тексеріс барысында мылтық тіркелмеген болып шықты.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Өңір табиғатына келтірілген шығын мөлшерін анықтайтын сараптамалар тағайындалды.

– Адамдар тобымен жасалған заңсыз аңшылық бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын еске саламыз. Бұл осы жылғы аудан көлемінде анықталған заңсыз аң аулаудың алғашқы фактісі. “Браконьер” іс-шарасы облыс аумағында 20 қазаннан бастап жүргізілді. Осы сияқты фактілерге жол бермеу бойынша жұмыс күшейтілді. Бұдан бөлек, мүдделі ұйымдардың өкілдерімен бірлесе құрылған мобильдік топтар рейдтік іс-шараларды қарқынды түрде қолға алды. Іс-шара өткен уақытта облыс аумағында барлығы заңсыз аңшылықтың 9 фактісі анықталды, – дейді Жамбыл ауданы ПБ бастығы Асан Мейрамов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz