Қызылжар ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Авторы: Qyzyljar News

Қызылжар ауданы Петерфельд ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жаңа өрт сөндіру бекеті ауылдық округ тұрғындарына қысқа мерзімде, өз бетінше немесе аудан орталығынан құтқарушылар келгенге дейін көмек көрсете алады. Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан бекет Петерфельд, Кондратовка, Кривозерка, Затон, Боровское, Измайловка, сияқты елді мекендерде төтенше жағдай орын ала қалса көмек бере алады.

Іс-шараға аудан әкімі Жанат Сәдуақасов, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин, аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Жанат Донанов, «Петерфельд Агро» ЖШС директоры Асқар Мәдиев қатысты. Өрт сөндіру бекетінің ашылуына қатысқан ауыл тұрғындарына арнаған сөзінде СҚО ТЖ департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Растихин қазіргі уақытта мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет құрылымдарының жандануы жүріп жатқанын атап өтті. Жалпы, біздің облысымызда осындай 53 бекет ашылған.

— Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өрт-техникалық қару-жарақ пен өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін сатып алуға 400 мың теңге бөлінді. Жылытылған бекетте жауынгерлік кезекшілікке екі адам шығады, — деп атап өтті Дмитрий Растихин.

Аудан әкімі Жанат Сәдуақасов «Петерфельд Агро» ЖШС директоры Асқар Аманжолұлы Мәдиевке жаңа өрт сөндіру бекетін ұйымдастыруға және орналастыруға жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz