СҚО-да 5,5 мыңнан астам маман жетіспейді

Авторы: Qyzyljar News
Солтүстік Қазақстан облысында түрлі салада 5,5 мыңнан астам маман жетіспейді. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында хабарлады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ұйымның мәліметінше, ең көп сұранысқа ие ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандар.

— Жыл сайын біз кәсіпорындарға кадр қажеттілігіне байланысты сауалнама жүргіземіз. Биыл 1700 жұмыс берушіге сауалнама жүргізілді. Кадрға деген қажеттілік қызметтің әртүрлі салаларындағы 5516 маманды құрады, оның ішінде биылғы жылы 2481 маман тіркелді. Ал, ең көп сұранысқа ие ауыл шаруашылығы саласында білімі бар жұмысшылар. Мысалы, «тракторист» бірінші орында. Кәсіпкерлік субъектілерімен кадр даярлау мәселелерін талқылағаннан кейін біз бірқатар тәжірибелік семинарлар өткізуге шешім қабылдадық, деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Осыған байланысты кәсіптік педагогикалық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-практикум өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz