СҚО-да сайлау нәтижесі жарияланды

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

СҚО-да сайлау нәтижесі жарияланды. Қорытындыны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– Қазақстан Республикасының толық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда қарашаның 20-сы күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының қорытындысы жарияланды. Сайлау қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев ең көп дауыс жинады. Өңірде өткен сайлаудың негізгі нәтижелеріне тоқтала кетейін. Кезектен тыс Президент сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге 15 аумақтық және 640 учаскелік сайлау комиссиясы мен 3 мың 687 сайлау комиссиясының мүшесі тартылды, — деді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.

Оның айтуынша, дауыс беру құқығына ие солтүстікқазақстандықтардың 79 пайызы азаматтық борышын орындаған. Оның ішінде 1300-ден астам жерлесіміз алғаш рет сайлауға қатысқан. Өңіріміздегі маңызды саяси шараның барысын халықаралық байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен сенімді өкілдерден құралған топ бақылады.

– Қарақат Жақсылыққызы Әбденге 3 мың 380 адам дауыс берген. Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевқа 5 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дауыс берген. Дайрабаев Жигули Молдағалиұлы 6 мың 727 дауыс жинады. Қажыкен Мейрам Зекешұлына 8 мың 964 адам дауыс берген. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 231 мың солтүстікқазақстандық дауыс берсе, барлығына қарсымын дегенге 26 384 немесе 9,19% дауыс берген. -деді СҚО сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев.

Облыстық сайлау комиссиясы төрағасының мәліметіне сүйенсек, сайлау бөлімшелерінде ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz