Өткен тәулікте Қазақстанда 92 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі күні 771 адам ем алып жатыр. Оның ішінде стационарларда 120 науқас, амбулаториялық деңгейде – 651 адам емделуде. Коронавируспен ауырғандардың ішінде: 6 науқас ауыр жағдайда, 2 науқас өте ауыр жағдайда, 1 науқас ИВЛ аппаратына қосылған.