СҚО-да «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 43 шақырымы жөнделді

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Айыртау ауданындағы республикалық маңызы бар «Көкшетау-Рузаевка» авто жолының 43 шақырымы жөнделіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бас мердігер «Қызылжар жолдары KZ» ЖШС учаскеде суық қайта өңдеу технологиясын қолдана отырып, жабынын ауыстырды. Сонымен қатар жол жиектерін нығайту жұмыстарын жүргізді.

-Республикалық маңызы бар «Көкшетау-Рузаевка» автожолы СҚО туристік кластерін дамыту үшін өте маңызды. Ағымдағы жылы біз осы жол учаскесінде жалпы ұзындығы 43 км болатын 2 учаскені жөндедік. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды, — деді «Қазавтожол» ҰК АҚ облыстық филиалының директоры Қуаныш Ескендіров.

«Қызылжар жолдары KZ» ЖШС бас директоры Асхат Саутбековтың айтуынша, 135-113 және 113-92 км жобасында 100 техника жұмыс істеген.

— Жол сапа орталығының мамандары құрылыс маусымында 14 рет шығып, 4 ескерту жасаған. Бүгінгі таңда олардың барлығы жойылған. Жұмыстарды жүргізу бойынша ескертулер жоқ, — деп атап өтті СҚО бойынша Ұлттық жол активтері сапасы орталығының бас инженері Азамат Шүбеков.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz