СҚО-да каскадты кешен мен жаңа ғимараттар пайда болады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Петропавлда 2 024 пәтерлі 34 коммерциялық тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, қалада Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалаларынан келген құрылыс компаниялары және жергілікті мердігерлер жұмыс істеуде. «YDA» компаниясы — мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша көпсалалы аурухана салған компания енді 2 гектар аумақта 18 қабатты тоғыз үйден тұратын заманауи квартал салуға ниетті. Бүгінгі таңда жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сәтжан Аблалиев Жамбыл көшесі бойындағы құрылысы ұзақ мерзімге созылған ғимараттың жерасты паркингі бар 14 қабатты 4 тұрғын үйі бар сауда орталығына айналатынын жеткізді. Оның ерекшелігі ауласы екінші қабат деңгейінде орналасады. Келесі жылы Жәлел Қизатов көшесінде 485 пәтерлі 15 және 21 қабатты үйлері бар каскадтық кешен мен Шухов көшесінде жерасты паркингі бар 323 пәтерлі көпқабатты үйлердің құрылысы басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz