Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Авторы: Әділет БАҒЛАНҰЛЫ

Қазгидромет 24-26 қарашаға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстан аумағында аяз тұрады. Еліміздің солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады. Республиканың орталық бөлігінде қарлы боран соғады. Ел бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі.

— Самара облысының аймақтарынан келген циклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады. Батыс пен оңтүстікте жауын-шашын болады,-делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

25 қарашада елдің солтүстігінде, 26 қарашада елдің шығысында қалың қар жауады. Республикада жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстікте, шығыста, орталықта қарлы боран болады. Апта соңында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының күрт төмендеуі болжанды. Солтүстікте, шығыста, орталықта ауа температурасы түнде және күндіз -20 … -29 ° С дейін төмендейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —  

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы  —

Сағындық Мауғазин

+77752847188, srakhymzhan@internet.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494,  Nurkinamad@mail.ru

Алтынай Қазиқан, +77058316306, altynkazikanova@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz