Өткен тәулікте Қазақстанда 123 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі күні 817 адам ем алып жатыр. Оның ішінде стационарларда 122 науқас, амбулаториялық деңгейде – 695 адам емделуде. Коронавируспен ауырғандардың ішінде: 7 науқас ауыр жағдайда, 5 науқас өте ауыр жағдайда, 2 науқас ИВЛ аппаратына қосылған.