СҚО-да жыл басынан бері 700-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да жыл басынан бері 700-ге жуық интернет-алаяқтық тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл учаскелік полиция инспекторлары қаладағы адамдар көп жиналатын сауда үйлеріне барып адамдарға жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың қулықтары туралы ескертті.Қаскөйлердің негізгі айла-амалдары — интернет арқылы сауда жасау кезінде алдын ала төлем жасауды талап ету немесе банк қызметкері болып қоңырау шалу. Жәбірленушіге психологиялық қысым көрсету мақсатында алаяқтар алғашында өздерін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырады. Бұл жайында учаскелік полиция инспекторлары халықпен кездесу барысында жиі айтады. Әсіресе, егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөлінеді.

– Желілік алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет. Сенімсіз болсаңыз, алдын ала төлемге келіспеңіз. Сатушымен бейнебайланысқа шығып сөйлесуге әрекет етіңіз. Әдетте қылмыскерлер өз бет-әлепеттерін көрсетпеуге тырысады. Қаскөйлер WhatsApp мессенджері арқылы әңгіме барысы жазылмайтындықтан, WhatsApp арқылы аудиобайланысқа шығады. Өздеріңіздің жеке деректеріңізді, оның ішінде банк картасының сыртындағы cvv-кодты, PIN-кодты, SMS-хабарламасымен келетін бірретік кодты ешкімге сеніп айтпаңыздар. Сіздің атыңызға біреулер ірі көлемде несие ресімдеп жатыр, несие алып, қаражатты қауіпсіз шотқа аударыңыз деген мазмұндағы банктерден не полицейлердің атынан келіп түсетін қоңырауларға да сенбеңіздер. Әңгімені дереу тоқтатып, өз банкіңіздің “қауырт желісіне” не “102” нөміріне хабарласыңыздар, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz