Петропавлда полиция сержантының формасын киген 23 жастағы жігіт учаскелік полиция инспекторының күдігіне ілінген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құжаттарын тексеру кезінде оның белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігі жоқ болып шықты. Мән-жайды анықтау үшін 23 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізілді.
— Бұл жігіттің ішкі істер органдарына еш қатысы жоқ екені анықталды. Жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Өзінің айтуынша, форманы хабарландырулар сайты арқылы чатып алған. Көшеде арнайы киімді киіп жүруін бойжеткенмен кездесу кезінде жағымды әсер қалдырғысы келетіндігімен түсіндірді,- делінген Петропавл қалалық ПБ баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Аталған фактіге сәйкес, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы бойынша материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен қала тұрғынына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.