Қазақстанда «Sapar» қосымшасы іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

Республикалық трассаларда жүретін жолаушыларға арналған «Sapar» мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы трассаларды цифрландыру шеңберінде онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейтін «Sapar» навигациялық қосымшасын әзірледі. Жол қозғалысына қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру үшін қосымшада автожолдардың ағымдағы жай-күйі (трассаларды ашу/жабу, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары және т.б. бойынша ақпарат), метеожағдайлар, жолдардың ақылы учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.

Аталған мобильді қосымшада республикалық трассалар бойында орналасқан жол сервисі туралы барлық өзекті ақпарат жинақталған. Қолданушылар қосымша қызметтерінің сапасын бағалай алатынын атап өту керек. Қазіргі уақытта қосымша PlayMarket-те қол жетімді, жақын арада қосымша AppStore-да орналастырылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz