СҚО-да ауыл шаруашылығы жылы қорытындыланды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да ауыл шаруашылығы жылы қорытындыланып, қызметкерлердің кәсіби мерекесімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Солтүстікқазақстандық диқандар республика бойынша үздік деп айта аламыз. Бұл жай ғана мақтау сөздер емес, өйткені еліміздегі бидайдың 25 % бізде өседі. Майлы дақылдардың үштен бірі бізге тиесілі. СҚО — жұмыртқа өндіру бойынша көш басында. Сүт өнімдерінің төрттен бірін жергілікті зауыттар өндіреді. Бұл кездейсоқ емес. Жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Біз ел бойынша ауыл шаруашылығына ең көп инвестиция тартамыз. Жыл сайын өнімділігі жоғары техника алынып, тұқым жаңартылуда. Минералды тыңайтқыштарды ең көп енгізетін де біздің диқандар,- деді Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өңір басшысының айтуынша, мал шаруашылығында да жақсы жетістіктер бар. Қазірдің өзінде 22 сүт фермасын іске қосылды. Биыл тағы 17-сін салынып жатыр, жыл соңына дейін 8-і ашылады. Екі құс фабрикасы іске қосылса, келесі жылы тағы біреуі жұмысын бастайды.

— Осының арқасында 10 айда ауыл шаруашылығы өнімі алғаш рет 1 трлн. теңгеге жетті. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің ерен еңбегінің жемісі. Мен ауыл шаруашылығы саласының барлық қызметкерлеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын. Мереке құтты болсын!,- деді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz