«Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы» қаулы жобасы 23 қарашада ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында пайда болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл мәслихаты облыс орталығының аумағында болу құнының 5% мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы шешім қабылдады. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Жобаның түсініктемесінде айтылғандай бұл мөлшер 2021 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы ресми статистикалық мәліметтер негізінде бекітілген.
— Орналастыру орындарында шетелдік туристер санының 2022 жылғы қаңтар – маусымда 204,3% — ға ұлғайды. Бұл «шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысының 8-тармағына сәйкес болу құнының 5% мөлшерінде туристік жарна мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік береді,- деп шешті қалалық мәслихатта.