Әкімдер бұдан былай «AMANAT» партиясында лауазым иеленбейді

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT»-тың өңірлік және аумақтық филиалдарында партиялық конференциялар өтті. Күн тәртібінде өңірлік филиалдардың 2022 жылғы 10 айдағы жұмысын қорытындылау, сондай-ақ әкімдерді филиал төрағасы қызметінен босату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында әкімдер мен олардың орынбасарларына партия филиалдарында лауазым иеленуге заң жүзінде тыйым салу қажет екенін мәлімдеді. Қарашаның басында заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізілді.Конференция қорытындысы бойынша, барлық деңгейдегі әкімдер бұдан былай «AMANAT» партиясының облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының төрағасы лауазымын атқармайды. Партияның тиісті филиалдарындағы Саяси кеңес Бюросы мен Саяси кеңестерінің құрамына кірмейді.

— Бұл шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған саяси реформалар бағытын іске асырудың қисынды жалғасы саналады. Бұл қадам партиялық бәсекелестікке серпін беретініне сенімдіміз. Әсіресе, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өтетін алдағы сайлау аясында бұл шешім өте өзекті, — деп атап өтті «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz