Солтүстік Қазақстан облысында 434 696 адам медициналық сақтандырылған. Өңір тұрғындарының 18% — дан астамында әлі күнге дейін медициналық сақтандырулары жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Брифингте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Лариса Гордеева сақтандырылмаған азаматтардың ең көп саны яғни, 33 292 адам Петропавлда тұратынын атап өтті.
— Облыс тұрғындарының 18 пайызы яғни, 33 мыңнан астам азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға мүмкіндігі жоқ. Әрбір алтыншы сақтандырылмаған адам Петропавлда тұратынын атап өткім келеді. Мемлекет 274 770 солтүстікқазақстандыққа жарна төлейді. Олардың барлығы жеңілдік санатына жатады, — деді Лариса Гордеева.