Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге келіп, Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Bort No1 телеграм-арнасының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды. Сонымен қатар, мемлекет басшысы француз іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізеді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде болды. Владимир Путинмен кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына байланысты декларацияға қол қойылды.