СҚО-да былтыр уәде етілген мектеп әлі күнге дейін жөнделмеген

Авторы: Qyzyljar News

Ғабит Мүсірепов ауданының Шөптікөл ауылының тұрғындары өткен жылы уәде берілген жергілікті мектептің әлі күнге дейін жөнделмегеніне наразы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу жылы үш ай бұрын басталғанымен Шөптікөл ауылының оқушылары бір жыл бұрын жөндеуге уәде бергілген мектептеріне бара алмай жүр. Сол себептен олар уақытша арнайы мектеп-интернат ғимаратына ауыстырылды.

– 2020 жылы 8418,2 мың теңгеге мектеп ғимаратының жұмсақ шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын «Сайдалин М.К.»ЖК мердігер ұйымы жүргізді. 2020 жылы Шөптікөл орта мектебінің терезе және есік блоктарын ауыстыру, қабырғалар мен төбелерді безендіру, электрмен жабдықтау элементтерін, желдету құрылғылары мен жылыту құралдарын ауыстыру бойынша жалпы сомасы 156 571,5 мың теңгелік жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінімді қарап енгізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасына жіберілді, — деп түсіндірді облыстың білім басқармасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz