258
Бір айда осымен екінші мәрте Петропавлдағы жылу трассасында құбыр жарылды. Бұл жолы апат Кәрім Сүтішев көшесінде орын алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта оқиға орны шектеліп, келтірілген зақым жойылуда. Апат учаскесінде адамдар зардап шекпеген.
Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада Жұмабаев көшесіндегі су құбырында апат болып, оның салдарынан қаланың 14 үйі орталық сумен жабдықтаусыз қалған еді.