Петропавлда облыстық ақындар айтысы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда Қазақстанның халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс орталығында ұйымдастырылған облыстық «Сөз зергері — Сафуан» атты ақындар айтысы жазушыны жас ұрпақтың есінде қалдыруды көздеген шаралардың қорытындысындай болды.Айтысқа өңіріміздің Айыртау, Қызылжар, Есіл, Уалиханов, Жамбыл аудандары мен облыс орталығынан 10 ақын қатысты. Оларды сөз сайысының басталуымен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Шәкеев құттықтады. Жыр жарысын айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Жарқын Жұпархан жүргізді.

Жыр барымтасы басталмас бұрын ақындар сахна төріне шақырылып, оларға облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Алғыс хаты табыс етілді. Көзге түсіп жүрген жастарға «Amanat» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаттары және барлық қатысушыларға «Сорайған солтүстіктің қарағайы», «Ағалардың алақаны» кітаптары сыйға тартылды. Айтысқа арнайы келген қазылар алқасының мүшесі, журналист Сайын Шәймерден ақындарға сәттілік тілеп, жазушыны ұлықтап жыр жодасын өткізіп жатқан қызылжарлық қауымға алғысын білдірді.

Айтыс қорытындысы бойынша, Амангелді Оқасқа биыл 120 жылдығы атап өтілген Ғабит Мүсірепов атындағы арнайы жүлде берілсе, Ақтілек Қайымхан 3-ші орынға тұрақтады. Жақын арада өңір намысын Сәтбаев, Астана қалаларында қорғайтын Қабдолла Бейісхан 2-орынды қанжығаға байлады. Екі айналымда да кеңінен көсілген Жұмабек Рахимов 1-орынға табан тіреді. Айыртаулық Мұхаммед Қоңқаев бас жүлде иеленіп бұған дейін өткен облыстық айтыстардың 3 рет қатарынан жеңімпазы атанды. Қатысқан барлық ақындарға бағалы сыйлықтар, бас жүлде иесіне 200 мың теңгелік сертификат берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz