СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Берік Біләлов Петропавлдағы №48 түзету мекемесінің сотталғандарымен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әңгіме барысында облыстың қылмыстық-атқару ведомствосының басшысы сотталғандарға қашықтан оқыту арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі туралы хабарлады. Қазіргі уақытта жергілікті университеттердің көмегімен Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасымен меморандум жасасу мәселесі пысықталуда. Оқыту үшін сотталғандарға жаңа компьютерлер орнату жоспарлануда.
Бұдан басқа, сотталғандар тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны жинақтау мақсатында банкте депозит аша алады. «Отбасы банкімен» меморандум жасасу шеңберінде еңбекпен қамтылған сотталғандар тапқан қаражатын дербес шоттан депозитке аудару мүмкіндігіне ие болады. Бұл жұмыс сотталғандарды босатылғаннан кейін тұрғылықты жерімен қамтамасыз ету үшін жүргізеді. Берік Біләлов колонияның тұрғын және өнеркәсіптік аймақтарын толық аралап, онда сотталғандардың жұмыс орындарын, тамақтану және медициналық көмек көрсету жағдайларын зерделеп, бірқатар тапсырмалар берді. Айта кету керек, қашықтан оқытуды ұйымдастыру және сотталғандар үшін депозит ашу жұмыстары елімізде алғаш рет ұйымдастырылуда.