Әлихан Смайылов Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімін таныстырды

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Солтүстік Қазақстан облысының барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының жиналысына қатысу үшін Петропавл қаласына келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Руслан Аңбаев пен Айдарбек Сапаровтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқыды. Премьер-Министр ұсынылған кандидаттардың әрқайсысының облысты басқару үшін жеткілікті тәжірибесі және қажетті құзыреттері бар екенін атап өтті.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 153 депутаттың 118-і Айдарбек Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35 депутат Руслан Аңбаевты таңдады. Облыс активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Әлихан Смайылов өңір басшылығының алдында СҚО-ның экономикалық және әлеуметтік салаларын жан-жақты дамыту міндеттері тұрғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекітті, онда азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру шаралары қарастырылған.

– Атап айтқанда, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 3,3 мың оқушыға арналған 4 жаңа мектеп ашылады. Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында 46 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу және 1 аудандық аурухананы жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауылдық елді мекендерде аграрлық сектордың инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті дамыту және жалпы ауылда өмір сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Облыс әкімі осы стратегиялық құжаттардың іс-шараларын толық және сапалы іске асыруды қамтамасыз етуі қажет, — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы жаңа инвестициялық жобалардың іске қосылуын бақылауда ұстау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу, өңірдің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымын дамыту жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz