Қоғам белсенділері Петропавл 2- ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару туралы өтініш білдіруге ниетті

Авторы: Qyzyljar News

Өтініш бастамашылары бұл нысандағы мұржаның құлауы қордаланған мәселелердің нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ratel.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

— Президент проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарауды тапсырды. Біз оны толығымен қолдаймыз. 2-ЖЭО-дағы апат-бұл жиналып қалған мәселелердің нәтижесі, регламенттік жұмыстардың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жоспарлы-алдын алу жүйесінің орындалмауы, — делінген Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолданған өтініш хатта.

Айта кетейік, бүгінгі таңда 2- ЖЭО- штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. «СевКазЭнерго» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Петр Богдановтың айтуынша, ауа температурасының — 27 градусқа дейін төмендеуі қазандықтардың жұмыс істеуіне еш әсерін тигізбеді.

– Станция бекітілген температура кестесі бойынша жұмыс істеп тұр. Жылыту маусымы басталғаннан бері тұтынушылардан шағымдар түскен жоқ. Үйлерге жылу берілді. Алаңдауға негіз жоқ, — деп сендірді Петр Богданов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz