Петропавл-Көкшетау теміржол учаскесіне 100 жыл толды

Авторы: Qyzyljar News

Көкшетау қаласында Петропавл-Көкшетау теміржол учаскесінің пайдалануға берілгеніне 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Оған облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мереке құрметіне саланың дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі және еңбектегі жетістіктері үшін Ақмола өңірінің 220 қызметкері мен зейнеткері «Петропавл — Көкшетау темір жол учаскесіне 100 жыл» мерекелік медалімен және төсбелгісімен, 200 маман — жол бөлімшесі басшылығының грамоталарымен марапатталды.

Дәл бір ғасыр бұрын Петропавл — Көкшетау учаскесінде тұрақты паровоз қозғалысы ашылды. Жол маңызды азық-түлік магистралі ретінде салынды. Ол арқылы бай Солтүстік Қазақстаннан елдің аштыққа ұшыраған орталық аудандарына бидай әкелінді. Осының арқасында миллиондаған адам аштықтан аман қалды. Құрылыс жұмыстарына тартылғандардың бір бөлігі Оралдан, Архангельск, Бескөл, Боголюбов, Вознесен болыстарынан келді. Құрылысшылардың негізгі дені жергілікті тұрғындардан жұмылдырылды. Барлық жұмыстар жануарлардың тарту күшімен қолмен жүргізілді. Әр құрылыс алаңында шамамен 2,5 мың жылқы, бұқа мен 800 арба болды.

Жаңа желіні енгізу өңірлер арасындағы ішкі байланыстарды қамтамасыз етіп, ел экономикасының дамуына серпін бергенін айта кеткен жөн. Теміржол желілерінің бойында жаңа станциялар, қажетті әлеуметтік инфрақұрылым, қалалар салынып, өнеркәсіп салалары дамыды. Нан магистралін салудағы жетістіктері үшін Петрококчестрой басқармасы ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Бүгінде Ақмола теміржолшылары Солтүстік Қазақстанның үш ірі өңіріне көліктік қызмет көрсетуді жүзеге асыруда. Ақмола бөлімшесі Петропавл және Пресногорьковская станцияларымен Ресей Федерациясының Оңтүстік Орал теміржолымен, Новоишимская, Ерейментау, Сороковая, Есіл станцияларымен, Қарағанды, Павлодар және Қостанай жол бөлімшелерімен шектеседі. Темір жолдарының жайылғандағы ұзындығы 2732,3 км, жалпы ұзындығы 1569,9 км, оның ішінде бір жолды желілер – 415,2 км, екі жолды 1154,7 км, олар толығымен электрлендірілген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz