Солтүстік Қазақстан облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялармен ауырғандардың маусымдық өсуі байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазаннан бастап облыс бойынша ЖРВИ-дің 14 мың 888 жағдайы тіркелген. Бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 23 % — ға артық.
— Тұмауға қарсы егілген 75 мың адамның ішінде – 4 600 оқушы, 8 515 медицина қызметкері, 584 жүкті әйел, балалар мен қарттар үйлерінің 1 899 қызметкерлері мен тұрғындары, созылмалы аурулары бар 24 091 адам. Жалпы облыс халқының 13,7% екпе алды. Тұмауға қарсы вакцинация жоғары иммунитетті қалыптастырып, эпидемияның пайда болуына жол бермейді, — делінген департаменттің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.