Петропавлда «Қызылжар Су» ЖШС мамандары Жұмабаев көшесіндегі су құбырындағы апатты жою жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулованың айтуынша, аталған су құбырын қайта жаңарту жұмыстарын 2019 жылы «Ремстройсервис» ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізген.
— Былтырғы қайта жаңарту жұмыстары бойынша шарттың талаптары толығымен орындалған. Апатты жою жұмыстары бүгінгі күнге дейін жүргізілуде. Жұмыстар аяқталғаннан кейін, мердігер ұйым материалдық залалды өтейді. Сондай-ақ, егер жұмыс сапасыз орындалғаны анықталса, мердігер ұйым апаттан зардап шеккен қала тұрғындарына да материалдық шығынды төлеуге міндетті, — деді Әсем Айтулова.