Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан академиясының чемпионаты өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының спорт мектеп-интернатында Ұлттық ұлан академиясының курсанттары арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Азия чемпионы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан сайыс өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Азаматтың әкесі Ерік Нұрпейісов өмірден ерте кеткен ұлын еске алып, осындай сайыс ұйымдастырып отырған академия басшылығына алғысын жеткізді. Олимпиадалық жүйе бойынша өткен турнирге 70-тен астам курсант қатысып, 7 салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Жарыс нәтижесі бойынша 57 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде Ақжол Ақылша, 62 килограмда Аманбек Рахметов, 67 килограмда Еламан Асқарұлы, 73 килограмда Жомарт Тұрсын, 80 килограмда Ғаламат Марат, 88 килограмда Жарқын Мұратқажы, (+88) килограмда Нияз Зубайров чемпион атанды. Жалпы командалық есепте бірінші орынды 3 оқу батальонының 5 оқу ротасының құрама командасы иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz