СҚО-да халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына үй салынады

Авторы: Qyzyljar News

2023 жылы Қазақстанда құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 394 млрд теңге бағытталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, 391 жарым млрд теңгесі халықты қолжетімді баспанамен қамтуға, коммуналдық жүйелерді жаңғыртуға жұмсалады. Жоспарда Астана қаласы мен Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосымша 3,8 млрд теңге бөлу де бар. Қаржы халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жататын отандастарымыздың тұрмыс жағдайын жақсартады.

Пилоттық жоба аясында арнайы санаттағы жандардың үйлері жөнделмек және жаңадан тұрғызылмақ. Осылардың барлығын қоса алғанда, елімізде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 15,3 млн шаршы метрді құрайды. 73 нысан қайта қалыпқа келтіріліп, қалалықтарды сумен қамту көрсеткіші 99 пайызға жетеді. Ал ауылды жерде бұл деңгей 95,1 пайызды құрамақ. Желілердің тозуы болса 53-тен 50 процентке төмендемек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz