СҚО-да полицияның мәдени орталығы балаларға арнап қайырымдылық концертін өткізді

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да полицияның мәдени орталығы балаларға арнап қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полицейлер Мағжан Жұмабаев ауданындағы өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығында болып қайтты. Бұл жолы балаларды қуантпақ болып аудандық полицейлер ғана емес, облыс орталығынан жаңа меймандар – ведомствоның мәдени орталығының қатысушылары, кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин, әкімшілік полицияның ардагерлер кеңесінің төрағасы Евгений Райтенбах келді. Қайырымдылық концерті балалар жылы мен Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Погондағы әртістер балалар мен ұстаздар қауымына мемлекеттік және орыс тілдеріндегі танымал эстарада хиттерін орындап берді.

Кездесу соңында жас көрермендерге сыйлықтар мен балмұздықтар үлестірілді. Биылғы жыл полиция қызметкерлері үшін ерекше. 23 маусым күні тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекеледі. Полиция департаменті жыл бойы көптеген іс-шараны қолға алды. Спорттық жарыстар, қайырымдылық, мәдени іс-шаралар облыс орталығында ғана емес, ауылды жерлерде де өткізілді. Полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары жыл соңына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz