Солтүстікқазақстандық Сәния Зейкенова бес асықтан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Авторы: Qyzyljar News

Жерлесіміз Сәния Зейкенова бес асықтан өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сайыс желтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Астана қаласында өткен. Оған 11 елдің спортшылары қатысты. М. Қозыбаев университетінің студенті Қазақстан құрамасына еніп, ел намысын абыроймен қорғап шықты. Ол бес асықтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған.

– Бес асықты мектепте оқып жүргенде үйрендім. Кейде бізден: “Асық деген спорт бар ма? Жоғары дәрежеде жарыстар өткізіле ме?”, деп сұрап жатады. Сол кезде қатты қынжыламыз. Көріп отырғандарыңыздай, жуырда Азия чемпионаты өтті. Қазақтың ұлттық ойындарын әлем деңгейіне көтеріп, шыңдай берсек деймін,- деді М. Қозыбаев университетінің студенті Сәния Зейкенова.

Қазіргі уақытта өңірде бес асық, асық ату сынды ұлттық ойын түрлері қарқынды дамып келеді. Спорттың бұл түріне қызығушылық танытатындар да көбейді. Солтүстікқазақстандық ойыншылар ауқымды сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

– Атап айтқанда, бес асықтан қыздарымыз әрқашан жүлделі орындардан көрініп жүр. Жуырда ғана қыздарымыз ересектер арасында өткен Қазақстан кубогынан 2-орын алып келді. Алматыдағы Қазақстан чемпионатынан тағы да 2-орынға ие болды. Жастардан бөлек, ардагерлер арасында да чемпионаттар өткізіліп тұрады, — дейді СҚО асық ату федерациясының президенті Ақжан Сұрағанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz