СҚО-да жыл басынан бері құқық қорғау органдарының 14 қызметкері ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары арасындағы сыбайлас жемқорлық азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Finprom.kz сайтының ақпаратына сай, биылғы қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының 123 қызметшісі (ІІМ Ұлттық Ұланы мен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметшілерін есептемегенде) қылмыстық сыбайлас жемқорлыққа барған. Дегенмен бұл былтырғымен салыстырғанда 12,1% — ға аз.

Сыбайлас жемқорлыққа барған ішкі істер органдары қызметкерлерінің жартысына жуығы, яғни 61 қызметкер пара алып жатқан жерде ұсталса, 41 адам яғни, 33,3% сыбайлас жемқорлық бойынша алаяқтық жасаған. 8 адам лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланса, 7 адам пара беру кезінде ұсталды.
Қазақстан бойынша ішкі істер органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбі Алматы (15) мен Түркістан (15 адам )облыстарына тиесілі. Сондай-ақ, тізімге Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары кірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz