СҚО- да бидай ұрлағандар ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері он тонна бидай ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аудандық полиция қызметкерлері арнайы жедел іс-шара барысында қазан айында Есіл ауданындағы кәсіпорындардың бірінде жасалған ұрлық фактісін анықтады. Белгісіз қылмыскерлер қойманың есігін бұзып, КамАЗ жүк көлігін ішке кіргізіп, 10 тонна бидайды қолды қылған. Келтірілген шығын 1,6 млн теңгені құрады. Иесі жасалған ұрлық жайлы білмеген. Жедел уәкілдер оған хабарлап, аз уақытта күдіктіні ұстаған. Ол 29 жастағы Қызылжар ауданының тұрғыны болып шықты. Сондай-ақ ұрлыққа қатысы бар сыбайластары да анықталды.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. КамАЗ жүк көлігі тәркіленді.

Аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Бейбіт Жұмағазинның айтуынша, ұрлықтың жасалуына кәсіпорын аумағының техникалық нығайтылмауы себеп болған. Полицейлер анықтағандай, астықты тигеннен кейін КамАЗ көлігі оталмай қалған. Жүк көлігі қойма ішінде қалған. Келесі түні қаскөйлер қосалқы бөлшекпен қоймаға қайта барып, көлікті жөндеп, аумақтан кетіп қалған. Кәсіпорын басшылығына қылмыс жасауға ықпал еткен кемшіліктерді жою туралы ұйғарым жолданатын болады.

– Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршау, объектілерді бейнебақылаумен, дабыл қондырғыларымен, күзетпен, есіктер мен терезелерді күшейту бойынша ұсыныстар беріледі. Аталған шаралар заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қаупін айтарлықтай төмендетеді, — дейді Бейбіт Жұмағазин.

СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz