Петропавл полицейлері ғаламтордағы жарнамаларға сақтықпен қарауға шақырады

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері қала тұрғындарына Apple компаниясының ұялы телефондарын сатумен және сатып алумен байланысты алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткенін ескертеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша алты қылмыстық іс тіркелген. Алдау схемасы барлық жағдайда бірдей болып келеді.

– Сатып алушылар арзан бағаға телефон сатылады деген жарнаманы көргеннен кейін сатушыға хабарласады, ал олар болса алдын ала төлем жасау керегін айтады. Ақша аударылған соң әлгі «сатушы» да, телефон да жоқ» болады. Алаяқтар көбінесе ешқандай өнімі жоқ, сайт туралы жағымды пікірлер жазылған виртуалды дүкендерді ашады. Мұндай дүкендер тек сатып алушыларды алдау арқылы пайда табу үшін жасалған,- делінген полиция департаменті жариялаған ақпаратта.

Полицейлер тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау керегін ескертеді. Сатып алудан бұрын интернет-дүкенді зерттеп, сайттың тіркеу құжаттарының болуына назар аудару керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz