Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірнеше мәселені көтерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ең алдымен Екібастұз қаласындағы апат кезінде салғырттық танытқан министрліктердің жұмысын сынға алды.

– Аталған апаттардың ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті. Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар, — деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, орын алған жағдай мемлекеттік органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің жылу беру маусымына деген жауапсыздығынан болды. Осы ретте Президент апаттың себебі анықталған соң, тиісті шешім қабылданатынын айтты. Сондай-ақ Президент азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Халықтың нақты ақшалай кірісі кейінгі бес жылдағы ең төменгі өсу қарқынын көрсетеді. Елімізде 900 мыңға жуық адам «ресми түрде» жұмыспен қамтылған, уақытша жұмыссыз, өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз қатарында. Мемлекет басшысы бұл саладағы басты құжат «Халықтың кірісін арттыру бағдарламасы» екенін атап өтті. Оның айтуынша, оны бүгінгі шындыққа сәйкес келтіру керек. 2022 жылдың үшінші тоқсанында еліміздегі орташа атаулы жалақы 299 782 теңге болды. 2-тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9%-ға төмендеді. 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 23%, нақты мәнде – 5,8% болды.

Маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет. Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек. Әділетті әрі дамыған мемлекет құру үшін жаңа кадр саясатын жүргізу керек. Алдағы өзгерістер, ең алдымен, адам капиталына қатысты болады. Жаңа кадр саясаты меритократия және кәсібилік қағидаттарына негізделеді. Біз бірінші басшыларды осы қағидаттар бойынша тағайындаймыз,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz