Петропавлда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аталып өтті

Авторы: Qyzyljar News

БҰҰ-ның бастамасымен желтоқсанның 9-ы – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп белгіленген. Өңірімізде атаулы күнге байланысты салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев және «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын берілетін параның көлемі бір триллион долларды құрайды екен. Ал жаһандық экономика сыбайлас жемқорлықтың салдарынан 2,6 триллион долларға зардап шегеді. Бұл қаражат әлем бойынша ішкі жалпы өнімніңнің бес пайызынан астамына тең. Елдердің дамуына тұсау болған қоғамдық індетпен күресте алдын алу жұмыстарының маңызы зор. Осы ретте облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов жұмыстың жаңа тәсілі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейтуге бағытталғанын ерекше атап өтті. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес, қоғам мен бизнес үшін көкейкесті проблема талданып, оны толық жою бойынша жұмыстар атқарылады.

– Бүгін залда біздің серіктестеріміз жиналды. Мен сіздердің барлық бастамаларыңызды, идеяларыңызды, ұсыныстарыңызды қуана қолдаймын. Тек бірігу арқылы ғана біз бұл әлеуметтік кеселге қарсы тұра аламыз, – деген Сергей Перов қоғам өкілдерін жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін грамоталар және арнайы сыйлықтармен марапаттап, белсенді азаматтық ұстаным көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік органдардың үш өкілі облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz