228
Өткен тәулікте Қазақстанда 155 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
13 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 847 адам коронавирус инфекциясынан (–1 680+ және 167 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 312 пациент стационарда, 1 535 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.