Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба бүкіл Қазақстан бойынша енгізіледі

Авторы: Qyzyljar News

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны енгізу шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ала алады. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 7 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген. Несиенің ең жоғары сомасы — 2,5 мың АЕК немесе шамамен 7,9 млн теңге,  ірі кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК немесе шамамен 25,4 млн теңгені құрайтын болады. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың жергілікті жерлердегі әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды.

Ұйымдастырушылық жұмысын ескере отырып, алғашқы микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында беріле бастайды деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба алғаш рет 2019 жылы Жамбыл облысында басталды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша енгізуді тапсырды. 2023 жылы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 11 мыңнан астам шағын қарыз беру жоспарымен 52,4 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz